Единое Шежире Казахов Единое Шежире Казахов Единое Шежире Казахов Единое Шежире Казахов Единое Шежире Казахов Единое Шежире Казахов
  Генеалогия казахов - Шежире казахов

Старший жуз

Средний жуз

Младший жуз

Аксуек

Киши жуз

Вернуться к списку статей →
 

О роде Рамадан

 

Ерте кезеңдегі Рамадан руы туралы біздің қолымызда тарихи дерек жоқ. Ол туралы алғаш рет Кіші жүз руларының 1748 жылы А. Тевкелев жасаған тізімінде айтылады. Содан соң ол А. Левшиннің деректері мен басқа да материалдарда кездеседі. Жорамалдау тұрғысынан болса да туыстық байланыстарды, демек, ішінара рудың шығу тегі мәселесін де анықтауға мүмкіндік беретін бірденбір нәрсе таңба мен ұран болып табылады. Рамадан руының таңбасы ( )(Гродеков пен Тынышбаев бойынша), ұраны «Дулат». Бұл таңбаны қарау бізді Ұлы жүзге әкеледі, онда дулат және албан тайпаларының кейбір руларындағы таңба Рамадан руының таңбасымен өте ұқсас. Оның үстіне Рамадан руы ұранының Дулат аталуы да дулаттардың немесе оларға туыс албандардың әлдебір бөлігі бөлініп, қазіргі Қазақстанның батысына барған да, содан соң Кіші жүздің құрамына дербес ру ретінде кірген, сөйтіп өз атабабаларының таңбасын, ұран ретінде Дулат атын сақтап қалған болуы мүмкін деген жорамал болуы ықтимал және мұның бірліжарым жағдай емес екенін Кіші жүздің басқа бір өте ірі руы Табын руының құрылу тарихы растайды.

← Предыдущая статья (О роде Шекты) Следующая статья (О роде Маскар) →
 
Фильмы - смотреть бесплатно.
Rambler's Top100  
© 2000 - 2010 Единое Шежире Казахов.
Все права защищены. Печать только с согласия авторов.