Кіру
Kz

Бұл порталдың миссиясы - қазақтардың рулық дәстүрлерін заманауи деңгейде қалпына келтіру, сақтау, дамыту және келешек дәуірдегі ұрпақтарымыз үшін мүлдем жаңа пішімде оны жалғастыру болып табылады.

Барлық дерлік түркі халықтары ежелден «ШЕЖІРЕНІ» - өз руы мен халқының генеалогиясын жалғастырып және сақтап келген. Әлемде өзінің ата-бабалары туралы ақпараттың мұндай көлемін сақтағандар саусақпен санарлық.

Кез-келген қазақ өзі шыққан руын және өзінің «ЖЕТІАТАСЫН» мақтанышпен атайды, бұл – жеті атасының тізбегін өз жадында сақтау қажеттілігі.

Бұл деректер – оларды бірыңғай кестеге қосу үшін және өз буынының тізбегін 20-25-ке дейін ұзарту үшін жеткілікті. Бұл жүйедегі есімдердің жинақталуы – көлемі мен сапасы бойынша бірегей ақпарат көзінің құрылуына алып келді.

Бірыңғай Шежіре тек жаңа ұрпақтардың туылуымен ғана емес, сонымен қатар отбасылық мұрағаттардан тарихи деректердің жиналуымен қарқынды түрде өсуін жалғастыруда. 2016 жылы 770 988-нан астам есім жиналды. Және де бұл тізім күн сайын 20-100 есімге өсуде.

Біздің шежіреші-авторларымыздың 16 жылдық қажырлы еңбегінің арқасында олардың саны 5 000-ға өскен. Осы түрдегі ШЕЖІРЕ – есімдердің жинағы ғана емес, ол – әр отбасының, рудың және бүкіл халықтың жылдар бойынша тақталған хронологиялық жылнамасы.

Оқиғаларды жазу жүйесіне отбасылық мұрағаттардан өз әкелерінің қандай да бір еске түсірулерін, жеке биографиясын, фотосуреттерін енгізетін әрбір адам тек отбасылық мұрағат жасап қана қоймай, сонымен қатар өткен және қазіргі оқиғалардың жаңа және заманауи көзі болып табылатын тарихты жазады.

Мұндай жазбалардың ерекше құндылығын тарихшылар мен біздің отбасыларымыздың келешек ұрпақтары бағалай алады. Қажет болған жағдайда, бірнеше минуттың ішінде, осы сайттың көмегімен 13 ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыттың кез-келген бөлігіндегі рудың немесе кез-келген оқиғаның барлық қатысушыларының есімдерін шоғырландыруға болады.

Шынмәнінде, бұл – идеологиялық қондырмасыз Қазақстан тарихы жылнамасының негізі. Бұрын-соңды болмаған ауқымда халықтың өзі жазатын жаңа тарихнама деуге болады. Тіпті есімдердің қарапайым бірізділігі әр отбасы үшін, халық үшін және жалпы мемлекет үшін жоғары құндылықты иемденеді.